+7 (727) 267-28-83

канат гл2024 жылғы 14 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында жас қаламгер, публицист, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Қанат Алтынбектің «Апамның алақаны» атты тұңғыш әдеби кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шара 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні аясында өтті.

Шараның мақсаты – жас қаламгер Қанат Алтынбектің тырнақалды шығармаларын оқырмандар мен жастар арасында насихаттау.

Шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы, жас ақын Шархан Мұхаммед-Қанапия жүргізді.

Шарада белгілі жазушы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, аталмыш кітаптың алғы сөзін жазған Нұрдәулет Ақыш; Қазақстанның халық жазушысы Ахметжан Ашири; академик, көрнекті фарабитанушы, профессор Жақыпбек Алтаев; көрнекті әдебиетанушы, ф.ғ.д., профессор Дандай Ысқақұлы; жазушы Тынышбек Дайрабай; Қазақ радиосының ардагер дикторы Аманжан Еңсебаев; көрнекті ақын, Қазақ телевизиясының ардагері Жұмаш Кенебай-Көкбөрі; Қанат Алтынбектың алғашқы ұстазы Нағима Айдүйсенова және ата-анасы Мұрат және Арман Мырзабаевтар; Ұлттық кітапхананың Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Гүлшат Әбікова; Ұлттық кітапхана жастары сөз сөйледі.

Шара аясында дәстүрлі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова және «Фаворит» тобы ән шырқады. Сонымен қатар, Қанат Алтынбектің аз уақыт ішінде жеткен жетістіктері мен басылым беттерінде жарияланған мақалалары, құрастырушылар құрамында болған кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: ақындар, жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, кітапхана жастары, БАҚ өкілдері және т.б.

канат1   канат3   канат9   канат4
канат7   канат2   канат5   канат6

Кітап шоу - 2024