+7 (727) 267-28-83

макатаев гл

2024 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Әдебиет академиясы» залында  белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен кімнің қазынасын ұрлап едім» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: Ақын шығармашылығы арқылы жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Мұқағали Мақатаев – ақын, жазушы, аудармашы. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Нарынқол ауылындағы мектеп-интернатты бітіреді. 17 жасар Мұқағалидың алғашқы өлеңдері 1948 жылы «Советтік шекара» газетінде жарияланған.

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдебиетке деген қызығушылығы арта бастайды. Кейіннен Қазақ радиосында (1958-1962), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 ж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 ж.), «Жұлдыз» (1965-1972 ж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 ж.) қызмет атқарады.

«Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын жариялады. Орыс және шет ел әдебиеттерін, оның ішінде орыс ақындары А. Пушкинді, Н.Некрасовты, А.Блокты, американдық ақын У.Уитменді, итальяндық ақын Д.Алигьериді, ағылшындық жазушы У. Шекспирді және т.б. қазақ тіліне аударды.

Оның есімі Абай, Әуезов және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің есімдерімен қатар аталады. Мақатаев қысқа, бірақ жарқын өмір сүріп, ұрпақтарына ұлттық нақышқа толы ерекше поэзияны қалдырды.

Іс-шараның модераторы – ақын Мұратхан Шоқан, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Жас қалам» әдеби клубының жетекшісі.

Сөз сөйлегендер: Дарубай Мамытұлы, М. Мақатаевтың туысы, кітапхана оқырманы Қалижан Жүнісов, Алматы қ. теміржол колледжі директорының орынбасары Рафхат Ахметов.

Өлең оқығандар: Алматы қ. теміржол колледжінің студенттері Рамазан Қайратұлы, Бекболат Естияр, Сұлу Тұрсынқұл, Ермек Дүйсенбай, Болат Ақжал, Тоқтарбек Нұрбек, колледж оқытушысы Жұлдыз Тоқтарбай, оқырман Қадыр Қойшыбек және т.б.              

Қатысқандар:  ақын-жазушылар, ЖОО студенттері, кітапхана оқырмандары және т.б.

макатаев 1   макатаев 4   макатаев 3 макатаев 2

 

Кітап шоу - 2024