+7 (727) 267-28-83

обсуждение гл

2024 жылғы 7 ақпан, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбаты аясында ҚР Ұлттық кітапханасының жастары арасында «Ұлттық бірегейлікті нығайту жолында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараны модератор, «Қазақ» радиосының ардагер дикторы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжан Серіков жүргізді.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан аталған шараға қатысты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Қаныш Сәтбаевтың ғылыми-зерттеу

еңбектері және ол туралы жазылған кітаптар мен мақалалар, Рахымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтың ерліктерін баяндайтын естеліктер, кітаптар, Жошы ұлысының қалыптасуы мен дамуы туралы ғылыми және тарихи кітаптар мен мақалалар ұсынылды.

Дөңгелек үстелде кітапхананың жас мамандары: Қанат Алтынбектің – «Президент сұхбаты көптеген мәселелердің шешімі»; Жадыра

Нұрымбаеваның – «Қоғамдық ойға қозғау салған сұхбат»; Гүлназым Лескалиеваның – «Әділетті Қазақстан құрудаға түрлі даму сценарийлері»; Аружан Макарамның – «Қоғамдағы түрлі мәселелер, тұрмыстық зорлық-зомбылық және жастарға деген мемлекеттік қолдау шаралары»; Біләл Ертайдың – «Көшпенділер ойындары мен мәдени байланыстар» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды.

Шара соңында кітапхана қызметкерлері мен жас мамандары Президенттің сұхбатына байланысты пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті.

обсуждение 5   обсуждение 3   обсуждение 2
обсуждение 4   обсуждеие 1   обсуждение 6

 

Кітап шоу - 2024