+7 (727) 267-28-83

Русский дом гл2024 жылғы 25 қаңтарда Әлем әдебиеті залында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығы мен Орыс үйінен ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайынғы дәстүрлі кітап сыйға тарту рәсімі өтті.

Ресей кітап бұрышына арналған жыл сайынғы дәстүрлі жаңа кітаптар жинағын беру рәсімі 25 қаңтарда Ресей студенттерінің күні ретінде атап өтілетін «Татьяна күні» қарсаңында өтті. Сыйға тарту рәсіміне Ресей Бас консулдығының вице-консулы, Алматы қаласындағы Орыс үйінің басшысы М.С. Симакова, Алматы қаласындағы Ресей Ынтымақтастық өкілдігінің бас сарапшы маманы О.В. Мощеева қатысты. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т. Туякова құттықтау сөз сөйледі.

Ресей Бас консулдығының вице-консулы Мария Сергеевна өз сөзінде іс-шараға қатысқан студенттерді мерекелерімен құттықтап, оқуда сәттілік тіледі. Ол бүгін берілген кітаптар жинағы бірегей екеніне тоқталды, кітаптар кітапхана оқырмандарының тілектерін ескере отырып таңдалды және кітаптарды беру жөніндегі бұл игі шара Қазақстан мен Ресей мәдениеттерінің жақындасуына ықпал ете отырып, алдағы жылдарға жалғасатынына сенім білдірді.

Ұлттық кітапханаға Ресей тарихы мен мәдениеті туралы әдебиеттер, көркем әдебиет, білім мен ғылымның түрлі салалары, орыс тілі, филология, әдебиеттану бойынша 150 дана көлемінде ғылыми әдебиеттер сыйға тартылды. Олардың ішінде жана кітаптар жинақтары бар: «Управление компанией», «Корпоративная культура» тақырыптарындағы «Harvard Bisiness Review: 10 лучших статей»;  балқар авторларының (Ресей халықтарының жазушылары мен баспагерлері одақтарының қауымдастығы жобасы) «Местоимения» атты кітаптары; «МИР» даму стратегиялары институты кітапханасының әртүрлі бағыттар бойынша ғылыми басылымдары: «Мир станкостроения», «Мир транспорта»; «Физики и техники», «Мир связи»; «Мастера русской прозы» атты сегіз томдық шығармалар жинағы. Сондай-ақ, «Иностранка. Первые полвека» (Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасының 100 жылдығына орай); Иванова С. «Искусство подбора персонала»; Митина Н. «Маркетинг для дизайнеров интерьера»; Смехов Л. «Говори красиво. Техники публичного выступления»; Бэррон Д. «МВА  в картинках. Два года бизнес-школы в одной книге»; Яблокова Ю. «Умный ресторан: от потерь к прибыли, эффективное управление» және т.б. басылымдары.

Салтанатты рәсімге Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенттері мен педагогтары, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен кітапханашылары және басқа да ұйым өкілдері қатысты.

Шара соңында қонақтар жаңа әдебиеттермен танысуға шақырылды.

Русский дом 2   Русский дом 6   Русский дом 3   Русский дом 7
Русский дом 3   Русский дом 8   Русский дом 4   Русский дом 5

 

Кітап шоу - 2024