+7 (727) 267-28-83

Затаевич гл

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің оқу залында Александр Викторович Затаевичтің 155 жыл толуына арналған «Ғасыр әуені ізімен»  атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Александр Викторович Затаевич – этнограф, музыкант, қоғам қайраткері, Қазақ КСР халық әртісі, XX ғасыр басындағы қазақ ән өнерінің насихатталуына өзіндік үлес қосқан өнер қайраткері.

«Ғасыр әуені ізімен» атты тақырыптық көрмеде тұлғаның музыкалық шығармашылығына арналған еңбектері оқырман назарына ұсынылды. Мәселен, 1925 жылы Орынбор қаласында шыққан «1000 песен киргизского народа», 1931 жылы Алматы қаласында басылған «500 казахских песен и кюйев», 1934 жылы қырғыз тілінде жарық көрген «250 киргизских инструментальных пьес и напевов», 1958 жылы Алматы қаласында шыққан Александр Затаевич туралы ғылыми-зерттеу кітабы мен т.б. туындылары көрмеге қойылды.

Солардың ішінде 1931 жылы басылған «500 казахских песен и кюйев» атты кітапта: Адай, Бөкей, Семей, Орал өңірлеріндегі 500-ден астам әндер мен күйлері нотаға түсірілген. Ал 1958 жылы шыққан тұлға туралы ғылыми-зерттеу еңбегінде: П.В.Аравин, И.И.Дубовский, В.П.Дернова, З.Кереева т.б. музыка зерттеушілерінің зерттеулері, С.Мұқанов, С.Есова, Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов сынды тұлғалардың естеліктері мен Александр Затаевичтің француздың әйгілі жазушысы Ромен Ролланмен хат жазбалары берілген. Бұл кітаптың ең құнды материалы – Александр Затаевичтың жарыққа шықпаған туындылары. Солардың арасында: «Жырши аны», «Кара-Торгай» сынды музыкалық туындылары нота түрінде енген.

Көзқарақты оқырман! Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі ұйымдастырған композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері Александр Викторович Затаевичтің 155 жыл толуына арналған тақырыптық көрмеде тұлғаның басқа да құнды еңбектерімен таныса аласыздар!

Кітап шоу - 2024