+7 (727) 267-28-83

түркі жазба гл

Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің оқу залында «Түркі халықтарының жазба мұралары» атты тарихи-танымдық көрмеcі ұйымдастырылды.

Түркі халықтарының сан ғасырлар тарихындағы рухани жазба мұрасы – түркі халқына ортақ руханият астанасы Түркістан шаһарымен байланысты. Сол себептен де 2023 жылдың қазан айында Астана қ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық X саммиті отырысында Түркістан қ. – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанып, «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілген еді. Түркі мемлекеттерінің басшылары қатысқан самитте Мемлекет басшысы еліміздің салт-дәстүр (Traditions), біріздендіру (Unification), реформалар (Reforms), ғылым (Knowledge), сенім (Trust), инвестиция (Investments), медиация (Mediation) және энергия (Energy) атты сегіз мәселеге басымдық беретінін атап өтіп, олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталды. Демек, келешекте түркі мұрасы ортақ мұра ретінде ұлықталып, түркі халықтарының ортақ жазба мұраларын тудырған барша жәдігерлер зерделене түседі деген сөз.

«Түркі халықтарының жазба мұралары» атты тақырыптық көрмеде сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы тұлғалардың әдеби, тарихи еңбектері оқырман назарына ұсынылды. Мәселен, Қожа Ахмет Яссауидың XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында  Стамбул, Ташкент, Қазан сынды қалаларда бірнеше рет басылған әйгілі туындысы – «Диуани хикмет» еңбегінің 1994, 1998, 1995, 2000, 2001, 2016 жылы шыққан басылымдары қойылса, Мұхамед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінің 2000, 2004, 2014, 2015 жылдары басылған кітаптары мен Сүлеймен Бақырғанидың «Хикмат Хазірет Сұлтан әл-Ғарифин» атты еңбегінің қазіргі қаріпке аударылып, транскрипциясы түсірілген кітабы оқырмандарға ұсынылды.

Сонымен қатар, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметіндегі басқа да түркі қайраткерлерінің кітаптары қойылды.

Қадірлі оқырман! Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі ұйымдастырған «Түркі халықтарының жазба мұралары» атты тақырыптық көрмеде түркі ғұламаларының құнды еңбектерімен таныса аласыздар!

Кітап шоу - 2024