+7 (727) 267-28-83

әдебиет айнасы 90 жылМерзімді басылымдар қызметінің оқу залында республикалық апталық «Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдығына арналған «Әдебиет айнасы» көрмеcі ұйымдастырылды.

«Қазақ әдебиеті» газеті Қазақстан Жазушылар одағында шығарылады. Басылым қазақ әдебиеті мен өнеріне арналған.

XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ әдеби апталық газетінің шығуы еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды. Газеттің бастауында қазақ әдебиетінің классиктері: С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә. Тәжібаев; көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері  О. Исаев, Ж. Сәдуақасов, І. Қабулов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, сонымен қатар газет жұмысына мәдениет және ғылым қайраткерлері: Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан және т. б. қатысты.

«Қазақ әдебиетінің» алғашқы редакторлары танымал жазушылар Ғ. Мүсірепов пен Б. Майлин болды. «Қазақ әдебиетінің» беттеріне қазақ авторларының классикалық және заманауи әдеби шығармалары, әлем әдебиеті классиктерінің қазақ тіліндегі аудармалары, сондай-ақ әдебиеттану мен сыни  мақалалар жарияланады. Сонымен қатар, газетте  тіл білімі, білім, саясат және т.б. сала мәселелері көрініс табады.  Газеттің алғашқы саны 1934 жылы 10 қаңтарда шықты.

Алғашқы жылдары газеттің шығу жиілігі үнемі өзгеріп отырды, ал 1940 жылдың қаңтарында басылым толығымен үзілді. 1955 жылдың қаңтарында тың игеру басталғаннан кейін «Қазақ әдебиеті» газеті қайта шыға бастады. Қалпына келтірілген газеттің алғашқы редакторы ақын С.Мәуленов болды. Ол газет жиілігін  аптасына бір рет шығаруды бекітті, бұл бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

Газет 1984 жылы «Ұлттық әдебиетті дамытудағы жемісті еңбегі және еңбекшілерді тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін»  Халықтар достығы Орденімен марапатталды.

Көрмеге «Қазақ әдебиеті» газетінің әр жылдардағы тігінділер мен қоғам қайраткерлерінің мерзімді басылым беттерінде жарияланған материалдары мен мақалалары қойылған. 

Көрмеге шақырамыз!

Кітап шоу - 2024