+7 (727) 267-28-83

кытай гл

23 қаңтарда Н. Дәулетова атындағы залда ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының құрылғанына 20 жыл толуына орай "Шығыс әдебиеті" баспа компаниясының жаңа кітаптарын сыйға тарту рәсімі және ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханашысы Қадай Камия қытай тілінен қазақ тіліне аударған 1953 жылы ҚХР - да басылып шыққан "Қытай тарихындағы ғылым өнертабыстары" кітабының тұсаукесері өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры  Б.Қ.Оспанова құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараның модераторы белгілі ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Саят Қамшыгер болды.

Іс-шарада «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясы бас директорының орынбасары Жеңіс Омар сөз сөйлеп, ҚР Ұлттық кітапханасына 87 данадан тұратын заманауи жаңа әдебиеттер жинағын сыйға тартты. Кітапхана қорына сыйға тартылған кітаптар -қоғамдық-саяси, тарихи және әдеби-көркем жанрдағы кітаптар. "Қытай дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы" кітаптары, балалар әдебиетінің тарихы мен сериясы бойынша екі тілдегі аудармалар ерекше қызықты. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова мен «Шығыс әдебиеті» баспа компаниясының атынан директордың орынбасары Ж.Омар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ҚР Ұлттық кітапханасының кітапханашысы Қадай Қамия "Қытай тарихындағы ғылыми өнертабыстар" кітабының тарихы мен қысқаша мазмұны туралы баяндап, қытай тілінен қазақ тіліне аударма барысындағы қиындықтарды атап өтті.

Жаңа кітаптың салтанатты түрде лентасын қию Қазақстанның жетекші қытайтанушыларының, ЖОО оқытушыларының, жазушылардың және ҚР Ұлттық кітапханасы директорының қатысуымен өтті.

Іс-шарада: ғалым-этнограф, жазушы Баяхмет Жұмабайұлы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының меңгерушісі, PhD профессоры Фарида Оразақын; баспа компаниясының редакторы Нұрлан Құмар сөз сөйледі. Іс-шараны №182 орта мектептің 3-сынып оқушысы Әділет Елдес күй тартып, Құрманғазы атындағы консерватория магистранты Сәулебай Бақтыбай ән шырқады.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан орыс, қазақ, қытай тілдерінде «Кітап халықтарды біріктіреді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтарға арналған кітап көрмесімен Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Б. Кулиева таныстырды.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның белгілі қытай ғалымдары, аудармашы-мамандар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

кытай 3   кытай 7   кытай 2   кытай 4
кытай 1   кытай 6   кытай 5   кытай 8

 

Кітап шоу - 2024