+7 (727) 267-28-83

азербайджан гл2024 жылғы 22 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасында Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Гейдар Алиев ‒ жастар саясаты» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Шараның мақсаты – Әзербайжан елінің көрнекті тұлғасы, бұрынғы президенті Гейдар Әлиевтің жастарға қатысты саясатының жалғасы бар екенін көрсету.

Шара модераторы: Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы.

Шараны Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып, бірлескен жобалардың жүзеге асырылып жатқаны туралы атап өтті.

Шарада Гейдар Әлиевтің өмірі мен қызметіне арналған қысқаша метражды бейнероликтің таныстырылымы көрсетіліп, Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түркітанушы Олжас Омарұлы Сүлейменовтың бейнеқұттықтауымен жалғасты.

Конференцияда Әзербайжан Республикасы Елшілігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Гусейнзаде Анар Надир оглы; Қазақстан әзербайжандары республикалық қауымдастығының төрағасы Әбілфас Хамедов; Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты Нагиф Гамзаев; ақын, аудармашы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Ақпарат, Мәдениет салаларының үздігі, «Серпер» сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгер және Түркия Хаджитепе университетінің профессоры, ҚазҰУ университетіне шақырылған профессор, тарих ғылымдарының докторы Мехмет Дервиш Кылынчкая құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, «Гейдар Әлиев: Болашақ сабақтары және мәдениеттерді жақындастыру» тақырыбында ЮНЕСКО қамқорлығымен Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы, философия докторы Игорь Владимирович Крупко және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің доценті Мырзахан Игамбердиев баяндама жасады.

Конференция аясында Әзербайжан Президентінің фотоагенттігінен (Azertac) Гейдар Алиевтің өмірбаяндық суреттері көрмесі  және ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Гейдар Алиевтің өмірі мен шығармашылығына және Әзербайжан еліне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

азерб 1

  азерб 2   азерб 3   азерб 4  
азебр 5   азерб 6   азерб 7   азерб 8  

 

Кітап шоу - 2024