+7 (727) 267-28-83

қытай көрмесі гл

Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында «Кітап басылымдарындағы қытай мәдениеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қытай мәдениеті – әлемдегі ең көне өркениет. Ол мыңдаған жылдар бойы өзгермеген материалдық және рухани құндылықтардың байлығымен ерекшеленеді. Сыртқы мәдениеттердің ықпалы мен шапқыншылардың жаулап алуына қарамастан, қытай мәдениеті өзінің бірегейлігін сақтап қалды. Адамзаттың көптеген жетістіктері Қытай өркениетінен бастау алады. Қытай мылтық пен қағаздың отаны болды. Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпір атанған Ұлы Жібек жолы да осы жерден бастау алады. Жібек жолы ежелгі Қытайдың бұрынғы астанасы Сиань қаласынан басталып, Жерорта теңізінің жағалауына дейін жеткен. Осы арқылы Қытайдан Еуропаға қағаз, жібек, мылтық, асыл тастар және шығыс дәмдеуіштері тасымалданып отырған.

Қытай мәдениетіне әдет-ғұрып, салт-дәстүр, музыка, би, кескіндеме, тіл, тағамдар, киім-кешек және сәндік-қолданбалы өнер кіреді. Әсіресе, қытай жазуын атап өтуге болады. Қытай жазуы әлемдегі ең көне жазулардың бірі және олар күні бүгінге дейін сол бес мың жылдық тарихы бар әліпбиді қолданады. Қытайлықтар ең ағаш тақтайшаларға, жібекке жазып, кейін қағазды ойлап тапқан. Қытай тек қағазды ғана емес, кітап баспасын да тапқан. Сонау X ғасырда алғашқы кітап жарық көрген.

Қытай мәдениетінің бүкіл тарихында әр дәуірдің өзіндік ерекшелігімен және әртүрлілігімен айшықталған құндылықтар қалды. Қытай мәдениеті көрші халықтардың мәдениетінің дамуына, сондай-ақ ортағасырлық әлемнің көптеген жетекші державаларына айтарлықтай әсер етті, әлемдік мәдениеттің дамуына зор үлес қосты.

Қытай мәдениеті мен әдебиеті залы жоғарыдағы аталған мәдениеттер туралы қазақ, қытай, ағылшын және орыс тіліндегі кітаптармен дерліктей қамтылған. 2023 жылға дейінгі санақ бойынша қытайда 57 дүниежүзілік мұра нысандары бар, оның ішінде 39 мәдени мұра, 14 табиғи мұра және 4 қос мәдени және табиғи мұра нысандары қамтылған.

Көрмеге қытай мәдениетінің жауһарларын зерттеп, зерделеген және осы туралы толықтай ақпарат бере алатын: «Қытайдың дүниежүзілік мұрасы» атты жинақтар, «Қытай дәлениеті энциклопедиясы» және «Салт-дәстүрлер жинағының» 2 томдығы ұсынылған. Соның ішінде «Қытай мифтері мен аңыздары» сериясындағы кітаптар ерекше орын алады.

Сондай-ақ, түпнұсқадан қазақ тіліне аударылған кітаптар да ұсынылды. Лян Сычэнның «Суреттегі қытай сәулет өнерінің тарихы» атты кітабы қытай сәулет өнерінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Бұған қоса Цянь Вэйчанның «Қытай тарихындағы ғылыми өнертабыстар» атты кітабында адамзат өркениетінің маңызды жетістіктері болып саналатын ежелгі қытайдың төрт өнертабысы  және механика, гидротехника, уақыт өлшеу, математика, металлургия, астрономия, ауылшаруашылы, өнер, музыка теориясы сынды мәдени игіліктер мен таңғажайып өнертабыстар жайлы жазылған.  

Қытай мәдениетінің қыр-сырын толықтай ашып бере алатын кітап көрмемізді көруге асығыңыздар!

Кітап шоу - 2024