+7 (727) 267-28-83

Сәкен Жүнісов глҚазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы  оқу залында қазақтың көрнекті жазушысы, драматуруг, аудармашы Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Халқының ардақты ұлы – Сәкен сері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов 1934 жылы 1 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Қызыл-Ту ауылында дүниеге келген. 1957 жылы С.Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін және аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолын «Пионер» журналында әдеби қызметкер болып бастаған. 1960-1964 жж. – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1964-1968 жж. - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының қызметкері, кейін КСРО-ның Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры; Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1988-1992). 1992 жылдан - шығармашылық қызметте.

С.Жүнісов драматург ретінде де танымал. Ол 17 пьесаның авторы. 1986 жылы Қазақ КСР сыйлығының лауреаты, 1996 жылы Қазақстанның халық жазушысы болды.

Кітап көрмесі екі бөлімнен тұрады. «Қос жанрдың жүйрігі» атты бірінші бөлімді жазушы С.Жүнісовтің өмірі мен қызметі туралы материалдар, энциклопедиялар, библиографиялық мақалалар және ол туралы әдебиеттер құрайды.

«Сары арқаның серісі»  атты екінші бөлімде Сәкен Жүнісовтің шығармашылық мұрасы, атақты: «Сонарда» (1959), «Әжем мен емші және дәрігер» (1961), «Дом в степи» (1968), «Өшпейтін іздер» (1968), «Ақан Сері» (1971), «Жапандағы жалғыз үй» (1990) және т.б еңбектері ұсынылған.

Жазушының шығармалары өткен және бүгінгі өмірді барлық күрделілігімен бейнелейді және қызықты тағдырларды баяндайды. Оның кітаптарының кейіпкерлері шындықты іздеуге құштарлығымен, тектілігімен, ой тазалығымен ерекшеленеді.

С.Жүнісовтің ең танымал шығармасы ХІХ ғасырдағы әйгілі қазақ ақыны туралы роман – «Ақан Сері» дилогиясы болды. Кітапта ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы көшпелі қазақтардың әлеуметтік өмірінің, тұрмысы мен әдет-ғұрпының жарқын суреттері бейнеленген. Автордың көпқырлы таланты үшін замандастары "Сәкен Сері" деп атаған.

Кітап көрмесінің мақсаты - С.Жүнісовтың әдеби мұрасына оқырмандардың назарын аудару, шығармашылығын насихаттау.

        Кітап көрмесіне шақырамыз!

Кітап шоу - 2024