+7 (727) 267-28-83

384748978 690788779749875 1971007091951565216 n

2 қазанда Достық үйінде көрнекті жазушы, қазақ әдебиеті детектив жанрының дарабозы, көркем сөз шебері, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қазақ детектив жанрының атасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Түркі әлемінің детектив жанрының дарабозы» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты ─ қарымды қаламгерді халыққа насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақ пен оқырмандарды Кемел Тоқаевтың шығармашылығымен таныстыру.

Конференцияға ҚР Ұлтық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қатысты.

Айтулы көрмеге жазушының кітаптары мен  журналдарға шыққан мақалалары және замандастарының К. Тоқаев туралы ой-толғамдары қойылды.

Шара барысында «Маънавият ва маърифат» республикалық орталығының жетекшісі, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, сенатор Ходжиматов Минхожиддин Мирзаджанович ҚР Ұлттық кітапханасының қорына өзбек тіліндегі Кемел Тоқаевтың шығармалар жинағын тарту етті.
Конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы және кітапханашылар Алтынбеков Қанат Мұратбекұлы мен Мәлік Зарина Меирхатқызы кітап көрмесіне ұсынылған кітаптарға шолу жасады.

Кітап көрмесін зиялы қауым өкілдері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Раев Сұлтан Әкімұлы және  ақындар мен жазушылар тамашалап, қызығушылық танытты.

383236005 690788859749867 3921868460197969249 n   384401475 690788936416526 340905673954023698 n   384774422 690788899749863 6553990441857083663 n
         

 

Кітап шоу - 2024