+7 (727) 267-28-83

14желтоқсан

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Тәуелсіздік мерекесіне орай еліміздің дамуы жолында үлкен үлес қосып, түрлі салаларда жемісті қызмет атқарып, ұлт жанашырына айналған бірқатар жандарға Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісін табыстау рәсімі өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жас маманы Қанат Алтынбек жүргізді.

Шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері  Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы; қоғам қайраткері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері Құйқабаев Дидар Әскербекұлы; белгілі меценат, Бауыржан Момышұлы атындағы  «Намыс», «Батыр Шапағаты» және «Ел Жанашыры» төс белгілерінің иегері, «Алтын жүрек» номинациясының иегері Асанова Замзагүл Ермекқызы және «Ерекше» балаларды педагогикалық түзету-оңалту орталығының негізін қалаушы, клиникалық балалар психологі, реабилитолог,  «Ерекше Баланың ой-танымын қалыптастыру»  кітабының авторы  Қаламқас Асқарқызы сөз сөйледі.

Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен марапатталды:

1. ҚР Құрметті құрылысшысы, «Промсвязь» Алматы зауыты» ЖШС Бас директоры – Айткулов Қанат Оңғарұлы.

2. «Алейрон» типографиялық компаниясы директорының орынбасары, «R.A.Solutions» қауымдастығының негізін қалаушысы және Бас директоры – Джанкуразова Диляра Салимовна.

3. 2022 жылы Балалар жылына орай «Мейірімді шар» қайырымдылық акциясы ұйымдастырушы, жасөспірімдерге арналған «Тілектер картасы» шеберлік сыныбының авторы және ұйымдастырушысы - Амина Муратовна Досқаранқызы.

4. «Айя»  және «Айлана» балабақшаларының директоры - Жеңіс Айя Қайратқызы.

5. Дефектолог, олигофренопедагог маманы - Абубакирова Тасним Накыпбекқызы.

6. Математика пәнінің мұғалімі, ҰБТ эксперті, QM school математика орталығының негізін қалаушы – Жазира Қуатжан.

7. MBI дәрежелі қаржы маманы, «Ecodry» химтазалау компаниясының төрайымы – Сартбаева Куралай Темирбайқызы.

14желтоқсан1   14желтоқсан2   14желтоқсан3   14желтоқсан4  
14желтоқсан6.jpg   14желтоқсан7   14желтоқсан8   14желтоқсан9    

 

Кітап шоу - 2024