+7 (727) 267-28-83

13желтоқсан

13 желтоқсанда Алматы қаласында «Достық» үйінде ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұйымдастыруымен «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен жарық көрген кітаптардың тұсаукесер рәсімі және «Қазіргі қазақ әдебиеті. Қаламгер және баспа ісі» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы қатысты.

Шарада ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Жүдебаев Арман Әділханұлы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен жарық көрген кітаптардың тұсаукесер рәсімін жасады.

Сонымен қатар, жазушылар Жүсіпбек Қорғасбек, Думан Рамазан, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлы, «Ана тілі» газетінің редакторы, ақын Ерлан Жүніс, аудармашы, журналист, ақын Файзолла Алпамыс Бауыржанұлы сөз сөйледі.

Аталмыш шара «Қазіргі қазақ әдебиеті. Қаламгер және баспа ісі» атты дөңгелек үстелмен жалғасты. Дөңгелек үстелді модератор – ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Қойтанов Әділ Қаженбайұлы жүргізді.

Дөңгелек үстелде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Жұдебаев Арман Әділханұлы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, «Алматыкітап» корпорациясының бас редакторы Әбдішүкірұлы Өмірзақ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Алмас Ахметбекұлы сөз сөйлеп, қазіргі ұлттық әдебиеттің дамуы, кітап шығару, баспа ісі жұмыстарын жандандыру, қаламгерлер мен баспалар арасындағы тығыз байланысты қалыптастыру, сондай-ақ, баспадан шығатын кітаптардың таратылуы, дәріптелуі туралы ой-пікірлерімен алмасып, талқыланды.

13желтоқсан1   13желтоқсан2   13желтоқсан3
13желтоқсан4   13желтоқсан5   13желтоқсан6

 

Кітап шоу - 2024