+7 (727) 267-28-83

кітапберу

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қоры «Мультигенное тестирование в ранней диагностике и генетическом скрининге колоректального рака»  атты әдістемелік ұсыныспен толықты.

Басылымды философия ғылымдарының докторы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті онкология кафедрасының ассистенті Афонин Георгий Алексеевич  табыстады.

Колоректалды қатерлі ісіктің айқындалу, оның алдын алу және емдеу жолдары сипатталған бұл еңбекте онкология және молекулярлы генетика саласындағы тәжірибелер мен жаңаша зерттеулер негізгі ұстаным болып қарастырылады.

Бұл әдістемелік ұсыныс денсаулық сақтау саласындағы тәжірибелік дәрігерлер, ғылыми қызметкерлер, білім беру ұйымдарының мамандары, резидент-дәрігерлер үшін басшылыққа алынатын құрал болып табылады.

Авторлары: философия ғылымдарының докторы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті онкология кафедрасының ассистенті Афонин Георгий Алексеевич; ҚР ҰҒА академигі, профессор, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті онкология кафедрасының жетекшісі Кайдарова Диляра Радикқызы; Алматы онкологиялық орталығы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Балтаев Нұрлан Анарқұлұлы; «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ  ғылыми хатшысы Гончарова Татьяна Георгиевна; С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті онкология кафедрасының профессоры Хожаев Арман Айварович.

кітапберу1

 

Кітап шоу - 2024