12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Әдебиет академиясы» залында жас ақын Дулатбек Нұрланұлы Кенжебектің «Бір шумақ» өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Дулатбек Нұрланұлы Кенжебек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ақын. Алғашқы жыр жинағы «Шабыт ақтаңгері» деген атпен жарық көрген. Қазақстан Республикасының «Алтын кітап», «Жүз жаңа есім» атты байқауларының жеңімпазы. Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі.
⠀
Іс-шараның модераторы – журналист Әзімбек Қойлыбай.
⠀
Өлең оқығандар: Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері: Нұрмұхаммед Райымбек, Нұрлан Айбекұлы, Ербол Медетбекұлы және басқалар.
⠀
Қатысқандар: ЖОО студенттері, кітапхана оқырмандары және т.б.