+7 (727) 267-28-83

академ

12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Әдебиет академиясы» залында жас ақын Дулатбек Нұрланұлы Кенжебектің «Бір шумақ» өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Дулатбек Нұрланұлы Кенжебек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ақын. Алғашқы жыр жинағы «Шабыт ақтаңгері» деген атпен жарық көрген. Қазақстан Республикасының «Алтын кітап», «Жүз жаңа есім»  атты байқауларының жеңімпазы. Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі.

Іс-шараның модераторы – журналист Әзімбек Қойлыбай.

Өлең оқығандар: Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері: Нұрмұхаммед Райымбек, Нұрлан Айбекұлы, Ербол Медетбекұлы және басқалар.

Қатысқандар:  ЖОО студенттері, кітапхана оқырмандары және т.б.

академ1   академ2   академ3
академ4   академ5   академ6