+7 (727) 267-28-83

8желтоқсан

8 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасында Qyr balasy білім, ғылым қорының 5 жылдық мерейтойына арналған «БОСТАНДЫҚ БЕРГЕН ЕР ҮШІН!» республикалық жас алаштанушылар форумы (ALASH FEST) өтті.

Форумның мақсаты – қазақ халқының тарихында қоғамдық-саяси, рухани ренессанстық сипат алған Алаш мұрасын насихаттау, ұлт зиялылары қалдырған ұлттық бipeгeйлiк, хaлқымыздың aзaттығы мeн бocтaндығы жайлы құндылықтарды қоғамда дәріптеу, Отан қауіпсіздігі мен рухани кемелдену және идеологиялық маңызды жұмыстарға серпін беретін зерттеу еңбектерді ынталандыру, жас алаштанушыларды қолдау.

Шара модераторы – балалар жазушысы, алаштанушы ғалым, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Елдос Тоқтарбай.

Шарада тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелді, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, спортшы Ардақ Назаров, белгілі әнші Бағлан Абдраимов сөз сөйлеп,  Qyr balasy білім, ғылым қорының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын атап өтті.

Шара аясында Ә. Бөкейхан Алаш ҒЗИ мен Qyr balasy білім, ғылым қорының бастамасымен, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Алаш кітапханасы», «Ұлтты оятқан ұлы сөз» сериясы бойынша жарық көрген жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі жасалып, таныстырылымы өтті. Сонымен қатар, Мәмбет Қойгелді, Ардақ Назаров, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Айман Байтұрсынова-Байсалова, әнші-компазитор Қапез Байғабылұлының қызы Шоке Қапезқызы Qyr balasy білім, ғылым қорының «Алаш зиялысы» төсбелгісімен марапатталды.

Шарада әдеби-ғылыми еңбектерімен ерекше көзге түсіп, алаш зиялыларын зерттеуде үлкен үлес қосқан жас ғалымдарға республикалық «Алаш үміті» әдеби-ғылыми сыйлығы, стипендиясы табысталды. Qyr balasy қорының мүшесі Данияр Ихсан «Алаш үміті» сыйлығының иегері, Қарақат Сағыныш «Алаш үміті» стипендиясының иегері атанды.

Сондай-ақ, шарада танымал әнші, композитор Ұшқын Жамалбек, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының солисі, театр және кино әртісі Әсет Есжан, Серікболсын Әбікен, Ұлархан Бекжан, Медет Ермекұлы өнер көрсетіп, Алматы қаласы М. Мақатаев атындағы  №140 мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушылары Алаш зиялыларының шығармаларын мәнерлеп оқыды.

Шарада ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар және қолжазбалар қорынан  «Алаш қайраткерлерінің рухани мұрасы-ұлт зердесі» атты Алаш қайраткерлерінің түпнұсқа еңбектері мен Алаш тарихына байланысты кітаптардың көрмесі ұсынылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы баспаларының қатысуымен кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шараға Алаш зиялылары А.Байтұрсыновтың, Қ. Байғабылұлының, Қ.Кемеңгерұлының, М.Тынышпаевтың, Ы. Жайнақтың, т.б. ұрпақтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, алаштанушылар мен тарихшылар, ақын-жазушылар, кітапхана оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

8желтоқсан1   8желтоқсан2   8желтоқсан3
8желтоқсан4   8желтоқсан5   8желтоқсан6
8желтоқсан7   8желтоқсан8   8желтоқсан9
8желтоқсан10   8желтоқсан11   8желтоқсан12