+7 (727) 267-28-83

гулбануа

7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Кітап қорын толықтыру қызметінің кітапханашысы Нүсіпбекова Гүлбану Тұрсынқұлқызы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар Қоры» мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесіп шығарған «Ұлы Дала» сериясымен жарық көрген Шынай Рахметұлы,«Маусымжан»; Қызырбек Оралов, «Жыр күмбезі»; Сұраған Рахметұлы,«Антиөлшем»; Геннадий Ташпеков, «Казахи Волгоградской области: история и современность»; Досан Баймолда, «Еуропадағы қазақ диаспорасының тарихы және қазіргі жағдайы»; Таухай Тайф; «Керуен-ғұмыр»; Байыт Қабанұлы,«Сары қаймақ сағыныш»; Бата Кәдірхан, «Қытайдағы қазақ ақындарының айтысы» атты кітаптардың тұсаукесеріне қатысты.

Кітаптар Ұлттық кітапхана қорына сыйға табысталды.

Бұл кітаптар шеттегі қазақ қаламгерлерінің үздік туындылары мен шығармашылығын Атажұрттағы оқырманға таныстыру және шетелдегі қазақтармен мәдени - іскерлік байланыстарды дамыту мақсатында тарихи отанына қоныс аударған қандастарға арналған.

гулбануа1   гулбануа2
гулбануа4   гулбануа3