+7 (727) 267-28-83

409191549 728944582600961 3638277659043825247 n

8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында "Qyr balasy" білім, ғылым қорының 5 жылдық мерейтойына арналған «БОСТАНДЫҚ БЕРГЕН ЕР ҮШІН!» республикалық жас алаштанушылар форумының (ALASH FEST) аясында алаштанушы ғалымдардың қатысуымен тарихи-танымдық дәрістер өтті.

Тарихи-танымдық дәрістерге лектор ретінде ф.ғ.д, профессор  Айгүл Ісімақова («Алаш әдебиеттануы»), алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай («Алаш зиялылары: импульс, энтузиаст, пассионар»), журналист, PhD Алма Сайлауқызы («Алаш арыстары ұстанған ұлттық идея») және журналист, PhD Қарлығаш Әубәкір («Алаш әдебиеті және цензура») қатысты.

Тарихи-танымдық дәрістердің мақсаты – ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихында бірегей құбылыс саналған Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің өмір жолы мен саяси-қоғамдық қызметін, қайраткерлігі мен күрескерлігін, шығармашылық мұрасын жан-жақты насихаттау.

Қатысушылар: жас ғалымдар, кітапхана оқырмандары мен студенттер, оқушылар.

408457798 728944629267623 2059262778229914986 n   408459353 728944679267618 2681599259552522919 n   408530499 728944695934283 6019016528907978942 n   408465657 728944705934282 2000057032579313096 n
408461871 728944665934286 920228191927527747 n   408494728 728944605934292 978497770069737013 n   409173461 728944639267622 5192029944354882032 n   409187341 728944599267626 2292188001481005632 n