+7 (727) 267-28-83

7желтоқсан

7 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Qazaq tili» Халықаралық академиясы мен Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен «Түркі үндесімін ұлықтаған ғалым» (Әлімхан Жүнісбектің 85 жылдығына арналған жинақ), «Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» (Байынқол Қалиұлы, Бижомарт Қапалбек), «Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық сөздіктердегі көрінісі» (Орынай Жұбай, Анар Салқынбай, Бижомарт Қапалбек) атты кітаптарының таныстырылымы өтті.

Шараны модератор – ҚР ҰҒА мүше корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Qazaq tili академиясының президенті  Қажыбек Ерден  Задаұлы жүргізді.

Шарада ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев, филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Орынай Жұбай сөз сөйдеп, «Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» және «Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық сөздіктердегі көрінісі» атты тақырыптарды баяндама жасады.

Шара аясында «Түркі үндесімін ұлықтаған ғалым», «Біртілді сөздік жасаудың ғылыми-теориялық негіздері», «Қазақ тілі жүйесінің орфографиялық сөздіктердегі көрінісі» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі жасалып, аталмыш кітаптардың таныстырылымы өтті.

Іс-шара офлайн және онлайн (zoom) платформансында өтті.

Қатысушылар: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі және жоғары оқу орындарының оқытушылары мен профессорлары, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, Тіл саясаты комитетінің, қалалық және облыстық тіл басқармаларының жауапты мамандары, докторанттар мен магистранттар, БАҚ  өкілдері және т.б.

7желтоқсан1   7желтоқсан2   7желтоқсан3
7желтоқсан4   7желтоқсан5   7желтоқсан6