+7 (727) 267-28-83

айжәнемен

29 қарашада Ұлттық кітапханасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Елғондинова Заида Әміре-Қошақанқызының «Ай және Мен» атты таңдамалы жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны модератор – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жүргізді.

Шарада жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек, қазақ телевизиясының ардагері, қоғам қайраткері Жұмаш Кенебай-Көкбөрі, белгілі ақын Аманғазы Кәріпжан, жазушы Мағира Қожахметова және т.б ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері Заида Әміре-Қошақанқызы шығармашылығының ерекшелігі мен «Ай және Мен» атты жыр жинағына тоқталып, ізгі лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, ақындар Заида Әміре-Қошақанқызына арналған арнау өлеңдерін оқыды.

Шара аясында «Ай және Мен» жыр жинағының тұсаукесер рәсімі жасалып, автор аталмыш кітаптың бірнеше данасын Ұлттық кітапхана қорына табыстады.

Мемлекеттік тапсырыспен «Дәстүр» баспасынан 2023 жылы жарыққа шыққан «Ай және Мен» атты жыр жинақ қазақ поэзиясына сюрреалистік және декаденттік бағыттағы жаңа леп алып келген жаңашыл жырлардан тұрады.

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

айжәнемен2   айжәнемен3   айжәнемен4
айжәнемен5   айжәнемен1   айжәнемен6

 

Кітап шоу - 2024