+7 (727) 267-28-83

аидам

29 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында өтіп жатқан жыл сайынғы дәстүрлі «Рухани қазына – 2023» фестивалінің аясында кітапхана саласы бойынша қазылар алқасының төрайымы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы мен Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Шоманова Аида Мұратқызы  қатысушыларға  арнайы шеберлік сыныбын өткізді. 

Шеберлік сыныбы кітапханалық құжаттарды ұзақ мерзімді сақтаудың превентивтік әдістеріне арналған.  Оспанова Б.К. кітап қорын сақтап, оны қазіргі және болашақ ұрпаққа жеткізу үшін құжаттардың ұзақмерзімді сақталымын қамтамасыз ету, оларға алдын ала сақтау шараларын жүргізу  маңыздылығы және осы бағытта Ұлттық кітапхананың атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша баяндады.

Сондай-ақ, Ұлттық кітапхананың республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы ретінде еліміздің  кітапханашы мамандарының  біліктілігін арттыру мақсатында жұмыс істеп жатқан Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінің ауқымды жұмысы жайлы атап өтті.

Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Шоманова Аида Мұратқызы  Шоманова А.М. қатысушыларға кітапхана қорларын сақтау  әдістері бойынша тәжірибелік шеберлік сыныбын өткізді.

аида1   аида2   аида3
аида4   аида6   аида5

 

Кітап шоу - 2024