+7 (727) 267-28-83

абай

28 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында «Абай» баспасынан жарық көрген 35 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны модератор – жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары  Бейбіт Сарыбай жүргізді.

Шарада «Абай» баспасының директоры, ақын Ақберен Елгезек сөз сөйлеп, аталмыш 35 кітапқа тоқталып, «Абай» баспасының алдағы  жоспарларымен бөлісті.         

Тұсаукесер рәсімінде Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубай, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қоғам қайраткері Темірхан Медетбек, ақын, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулет, режиссер, сценарист Рүстем Әбдрашев және тағы да басқа зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, баспа жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ,  ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов  ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның  құттықтау хатын табыстады. Құттықтау хатында «Абай» баспасының ұжымына баспа ісінің дамуына, кітаптарды басып шығаруға және таратуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Шара аясында осы жаңа кітаптар Ұлттық кітапхананың қорына  сыйға тартылды.

Шараға ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары, т.б. қатысты.

абай1   абай2   абай3   абай4
абай5   абай7   абай8   абай6

 

Кітап шоу - 2024