21 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы «Цифрлық технологиялардың жастар апталығы» Екінші Бүкілресейлік кітапханалық акциясының қатысушыларына онлайн форматта құттықтау сөз сөйледі.
Акцияның мақсаты - жастардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға жәрдемдесу, кітапханаларды қоғам мен экономиканы цифрландыру үдерістеріне ықпалдастыру.
Шараны Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Ресей мемлекеттік жастар кітапханасы ұйымдастырды.
Шараға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің кітапханалары қатысуда.