+7 (727) 267-28-83

15қараша

15 қарашада Қазақстан Республиксы Ұлттық кітапханасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен «Асқар Жұбановтың оқулары» тұрақты ғылыми тілтанымдық алаңы аясында «Ғылыми зерттеу және оқыту ресурсы ретіндегі ұлттық корпустар әзірлеу тәжірбиесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Конференцияны модератор Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан жүргізіп, конференция жұмысына және қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференция аясында «Қазақ тілінің ұлттық корпусын әзірлеу тәжірбиесі» атты монографияның тұсаукесер рәсімі өтті.

Шарада Мәскеу қаласы Ұлттық зерттеу университеті «Экономика жоғары мектебі» гуманитарлық  факультетінің Тіл білімі мектебінің жетекшісі Екатерина Рахилина және профессор Айымгуль Казкенова «Казахский подкорпус RLC в учебных и научных проектах», РҒА Уфа федералды зерттеу орталығы, Тарих, тіл және әдебиет институты, Қолданбалы линвистика және диелектология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Зиннур Сиразитдинов «Критерии национального корпуса и корпусные проекты башкирского языка», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология орталығының жетекшісі, ф.ғ.к., доцент Сәрсенбай Құлманов «Қазақ және орыс тілдерінің параллель ішкорпусының құрылымы мен мазмұны», Тіл тарихы және түркология бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Айнұр Сейтбекова «Тарихи корпус: лингвистикалық белгіленімдер әзірлемесі», Ономастика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Дана Пашан «Ономастикалық ішкорпустың құрамы мен құрылымы», Фонетика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Жанар Жұмабаева «Қазақ тілінің ауызша ішкорпусы: мәтіндер корпусындағы сегментті-просодикалық белгіленімдер әзірлемесі», Этнолингвистика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Эльмира Өтебаева «Мәдени-репрезентативті ішкорпусты әзірлеудегі мәдени-семантикалық белгіленім», Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Салтанат Иманқұлова «Корпустық лингвистика – филологиялық білім берудегі инновациялық үрдіс», «Алматыкітап» баспасы, Баспа ісі жөніндегі вице-президент, Phd-доктор Фарида Сахипова «Қазақ тілінің ұлттық корпусында заманауи мектеп оқулығының контентін қалыптастырудың маңызы», РҒА Уфа федералды зерттеу орталығы, Тарих, тіл және әдебиет интитутының аға ғылыми қызметкері ф.ғ.к. Лилия Бускунбаева «Структурный анализ кодовых переключений в устных дискурсах», РҒА Уфа федералды зерттеу орталығы, Тарих, тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері Анита Ишмухаметова «Заимствованные фармакофитонимы в устной речи башкир», РҒА Уфа федералды зерттеу орталығы, Тарих, тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Линара Ишкильдина «Особенности кодовых переключений в башкирском языке» тақырыптарында баяндама жасады. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар мен тіл мамандары ұлттық корпустар ашу, қалыптастыру, дамыту туралы пікір алмасты.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Профессор А. Жұбановтың тілтанымдық мұрасы;
- Әлеуметтік лингвистика;
- Жарнама тілі және Жарнама корпусы;
- Тіл және экономика;
- Копирайтер тілі;
- Қазақстандағы жарнаманың әлеуметтік-экономикалық мәселелері;
- Қолданбалы лингвистика;
- Тіл білімінің өзекті мәселелері.

Конференция офлайн және онлайн (zoom) платформасында өтті.
Қатысушылар: республиканың, сондай-ақ алыс-жақын шет елдердің белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары мен кітапхана оқырмандары және т.б.

15қараша2   15қараша3   15қараша1
15қараша5   15қараша7   15қараша4

 

Кітап шоу - 2024