+7 (727) 267-28-83

жасғалым

10 қарашада Қазақстан Ғылым Академиясының Тұңғыш  Президенті, көрнекті геолог-ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрылғанына 90 жыл толуы қарсаңында «Ғылым – жастардың болашағы» атты белгілі жас ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Техникалық ғылымдар –  ғылыми білімнің дербес саласы, қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі факторы. Техникалық ғылым мен өндіріс қосылып, біртұтас процеске айналды. Осы ғылым саласын меңгеру барысында жастарға арналған бірқатар жобалар жасалып жатыр. Президент те жастарды техникалық мамандықтарға бағыттау керектігін айтты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында бүгінгі таңда қоғамды және елімізді өзгертуге бағытталған елеулі нәтижелерге қол жеткізіп отырған техникалық мамандықтардың көшбасшылары, нағыз ғылым майталмандары, Қазақ ұлттық техникалық университетінің жас білікті оқытушыларымен танымдық кездесу өткізді, олар өз білімдерімен және дағдыларымен бөлісті.           

Ғылыми жобалардың жетекшілері жастарға мақсатқа жету тәжірибесімен бөлісіп, оларға өз жоспарларын жүзеге асыруға күш пен құлшыныс беретінін айтып, өздерінің интеллектуалдық жұмыстарын ұсынды.           

Іс-шараға Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің оқытушылары: техника ғылымдарының докторы, профессор Маржан Нұрсейітова, Ө.Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия    институтының директоры Қанай Рысбеков, осы институт директорының орынбасары Сәуле Солтабаева, «АлГеоРитм» ғылыми-өндірістік компания президенті Арнат Салқынов, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлдана Қырғызбаева, Қазақстан өнер қайраткерлері Ардақ Исатаева, Айбек Мұхамедәлі және жас ғалымдар, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, Алматы қаласының мектеп оқушылары, мұғалімдер, т.б. қатысты.            

Шара соңында кітапхана директоры Б.Оспанова сөз сөйлеп, арнайы қонақтарды Алғыс хатпен марапаттады.

жасғалым1   жасғалым2   жасғалым3
жасғалым6   жасғалым4   жасғалым5
жасғалым7   жасғалым8   жасғалым9
жасғалым10   жасғалым11   жасғалым12

 

Кітап шоу - 2024