+7 (727) 267-28-83

канахин

3 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында белгілі жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 100 жылдық мерейтойына орай «Кісіліктің биік шыңы» атты еске алу кеші өтті.

Шараны модератор Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының аға редакторы - Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Бақытжамал Оспанова; белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов; белгілі драматург Қалижан Бекхожиннің жары Зайда Бекхожина; Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр-Мырза Әлінің жары Салтанат Мырзалиева; М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш; белгілі зерттеуші, этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дайрабай Тынышбек Майлыбайұлы; белгілі суретші Еркін Нұразхан; Өтебай Қанахиннің туысы Мұханбет Шәріп Кенжебай; Өтебай Қанахиннің ұлдары Бекетай Қанахин, Саябек Қанахин; ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазабалар қызметінің жетекшісі Айхан Бекпулатова және Қазақстан кітаптары қызметінің кітапханашысы Құттықыз Қасымбекова.

Шарада Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогикалық университетінің студенттері Данияр Мұратбеков Қадыр-Мырза Әлидің «Адам қызығатын алпыс» өлеңін, Дильназ Қыдырбаева Өтебай Қанахиннің Құдірет романынан үзінді және Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің 10 «а» сынып ұландары Асылғазы Ержанұлы, Дулат Тәжібек Өтебай Қанахинге арналған өлең жолдарын оқыды. Сондай-ақ, «Береке» мәдениет үйінің әншісі Сая Аманбаева «Бастау», «Алғыс» әндерін шырқады.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ө. Қанахиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Кісіліктің биік шыңы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

канахин1   канахин2   канахин3   канахин4
канахин5   канахин6   канахин8   канахин9

 

Кітап шоу - 2024