+7 (727) 267-28-83

аида

25-27 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің меңгерушісі Аида Мұратқызы Шоманова және қалпына келтіруші маман Меруерт Дулатқызы Өскембаева Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиетінің кітапханасы ұйымдастырған «Сақтау аспектісіндегі кітап ескерткіштері» атты VIІ Пәнаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.      

 

Конференцияның мақсаты – ресейлік және әлемдік әдістерді, материалдар мен технологияларды дамытудың заманауи тенденциялары жағдайында кітап ескерткіштерімен және кітапхана қорларымен жұмыс жасайтын мамандар арасындағы кәсіби диалог орнату. Бұл алаң арқылы сарапшылар өз жетістіктері туралы айтып, ал жаңадан бастаған мамандар кәсіби ортада өзін-өзі танытып, өз әлеуетін аша алды, жаңа білім мен пайдалы ілім алды.

Конференцияның салтанатты ашылуында Шетел әдебиеті кітапханасының бас директоры Павел Леонидович Кузьмин Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Преподобная Надежда Александровнаның құттықтауын оқыды. Сондай-ақ, онлайн форматта Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйледі.

«Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру» тақырыбындағы отырыста Шоманова А.М. «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасындағы кітап ескерткіштерін сақтау аспектілері» атты баяндама жасады. Баяндамада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қолжазбаларын консервациялау және қалпына келтіру туралы ақпарат беріліп, шығыс қолжазбаларын қалпына келтіру бойынша тәжірибелік жұмыстар баяндалды.

Конференцияға қорлардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын Санкт-Петербург, Махачкала, Алматы, Иваново, Минск және Ресейдің басқа қалаларынан қорлардың сақтаушылары мен зерттеушілері, қалпына келтірушілер, кітапхана, мұражай және архив мамандары қатысты. Қатысушылар үшін арнайы қалпына келтіру жұмыстарының қыр-сырына арналған ашық семинарлар мен ғылыми-тәжірибелік семинарлар ұйымдастырылды.

Баспа және қолжазба мұраларын сақтау ұйымының кітаптар мен қағаз сақтаушысы Сурджит Сингх мырзаның (Чандигарх, Үндістан) дәстүрлі Гурмухи қолжазбаларында шеврон өрнегі бар исламдық каптал тігу бойынша шеберлік сабағы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

аида1   аида2   аида3

 

Кітап шоу - 2024