+7 (727) 267-28-83

фотовыставка

31 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында дарынды жас суретші, «Азияның Шығармашылық Богемиясы» бірлестігінің резиденті, символизмнің халықаралық өкілі Нүрия Абдолованың «Қазіргі заманғы өнер объективі арқылы дала фольклоры мен мифологиясы» тақырыбын қамтитын «Көшпенділер» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті.

Ұйымдастырушылар: «Азияның Шығармашылық Богемиясы» шығармашылық қоғамдастығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

Шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, «Азияның Шығармашылық Богемиясы» шығармашылық қоғамдастығының президенті Гүлнар Жандыбаева және өнертанушы, «Көшпенділер» көрмесінің кураторы Жумағұлова Мария Төлегенқызы сөз сөйледі.

Нүрия Абдолованың шығармаларының көпшілігі бүкіл әлем бойынша жеке топтамаларда Австралия, Стамбул, Ресей, АҚШ, Қазақстан және т.б. мемлекеттерде таралып үлгерген.

Көрмеде суретшінің 38 туындысы ұсынылды және барлық жұмыстары авторлық шығарма болып табылады.

Аталмыш көрмені Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары және Ұлттық кітапхана оқырмандары 1 апта көлемінде тамашалай  алады.

фотовыставка1   фотовыставка2   фотовыставка3
фотовыставка4   фотовыставка5   фотовыставка6

 

Кітап шоу - 2024