+7 (727) 267-28-83

астана1

Астана қаласындағы «ҚазМедиа» телерадиокешенінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен 24 қазан - Кітапханашылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, бас бухгалтер Қазкенова Дәмет Байзаққызы, Диссертация бөлімінің жетекшісі Абенова Жазира Амангелдіқызы және Ұлттық библиография қызметінің  топ жетекшісі Әбілова Майра Күнділдақызы қатысты.⠀

Мерекелік шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республика кітапханашыларын құттықтап, кітапхана ісінің дамуына қосқан зор үлестері үшін бірқатар мамандарды марапаттады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен:

Абенова Жазира Амангелдіқызы, Диссертация бөлімінің жетекшісі:

Әбілова Майра Күнділдақызы, Ұлттық библиография қызметінің  топ жетекшісі;

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен:

Қазкенова Дәмет Байзаққызы, бас бухгалтер марапатталды.

астана2   астана3

 

 

Кітап шоу - 2024