+7 (727) 267-28-83

ауғансоғысы

20 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Ауған соғысы: тарихы мен сабақтары (1979-1989)» атты конференция өтті.

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен «Social project management» қоғамдық қоры.

Ауған соғысының аяқталғанына 35 жыл толу қарсаңында ел арасында оған әртүрлі көзқарас бар. Тарих заңына сәйкес көзқарастардың уақыт өте келе жаңарып отыруы табиғи құбылыс. Конференцияда осы мәселе талқыға салынды.

Іс-шараны тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан жүргізді.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Шархан Мұхаммед-Қанапия ашты.

Сөз сөйлегендер:  Ауған соғысының ардагерлері Байдәулет Дәркембаев, Алмасбек Айдарбаев, Байкал Хамзин, Құрманбай Жұмат, Асқар Жорабаев, «Social project management» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы және т.б. Ауған соғысы мен тәжік-ауған қақтығысының ардагерлері.

ауғансоғысы1   ауғансоғысы2   ауғансоғысы3
ауғансоғысы4   ауғансоғысы5   ауғансоғысы6

 

Кітап шоу - 2024