+7 (727) 267-28-83

5қазан

5 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Үздік жас кітапханашы – 2023» республикалық байқауы аясында «Қазақстанның креативті жас кітапханашыларының бірінші сессиясы» өтті.

Шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, аталмыш сессияға және байқауға қатысушы жас кітапханашыларға сәттілік тіледі.

Шарада Ұлттық кітапхана жастарының бастамасымен «Республикалық жас кітапханашылар ұйымын» құру туралы ұсыныс талқыланды.

«Қазақстанның креативті жас кітапханашыларының бірінші сессиясы» аясында байқауға қатысушы жас кітапханашыларға  Ұлттық кітапхананың  қызметі мен тарихы, құрылымдық бөлімдері мен оқу залдарының жұмысы бойынша экскурсия жүргізіліп,  «Quiz Battle» интелектуалды іс-шарасы мен өз жалғасын тапты. Шарада әдебиет, тарих, өнер және кино, кітапхана салалары бойынша сұрақтар қойылып, қатысушы командалар өзара үздіктерді таңдада.

Соынмен қатар, қатысушы жас кітапханашылар мен Ұлттық кітапхананың жас мамандары Медеу мұз айдынына барып, табиғат аясында ойын сауықтыру шараларын өткізді.

Шараға еліміздің әр өңірлерінен «Үздік жас кітапханашы – 2023» республикалық байқауға қатысушылар және Ұлттық кітапхананың жас кітапханашылары қатысты.

5қазан1   5қазан2   5қазан3   5қазан4
5қазан6   5қазан5   5қазан6   5қазан7
5қазан8   5қазан10   5қазан11   5қазан12
5қазан13   5қазан14   5қазан15   5қазан16
5қазан17   5қазан18   5қазан19   5қазан20

 

Кітап шоу - 2024