+7 (727) 267-28-83

басжүлде

6 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында «Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Қазақстанның 14 облысында өткен байқаудың бірінші кезең жеңімпаздары «Үздік жас кітапханашы - 2023» республикалық қорытынды байқауының қатысушылары болды.

Байқау: қатысушының алдын-ала дайындалып, жіберілген кәсіби материалды қорғауы; Ұйымдастыру комитеті әзірлеген тапсырмаларды орындауы; кәсіби шеберлік пен дағдыларды меңгеру дәрежесін көрсетуі; туған өлкесіне арналған шығармашылық өнері сияқты кәсіби және шығармашылық бөлімдерден тұратын бес кезеңді қамтыды.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстары мен өнерлерін бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлде – Біләл Ертай Нұрбекұлы (Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы); бірінші орын – Нұрахметов Азамат Амантайұлы (Қарағанды облысы, Шет ауданының орталық кітапханасы); екінші орынды Ынтымақ Сұңқар (Талдықорған қалалық балалар кітапханасы, Жетісу облысы) және Турдиева Балгерім Гаухарқызы (Тасарық ауылдық кітапханасы, Төлеби ауданы, Түркістан облысы); үшінші орынды Ақтай Изанель Нұрланқызы (Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда ОӘҒК), Саменова Гүлмайра Беркінқызы (Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана), Худжанова Жадыра Сабырқызы (Ерейментау ОКЖ, Ақмола облысы).

Байқаудың барлық қатысушыларына Сертификаттар табысталып, жеңімпаздар Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Байқауға танымал әншілер – Меруерт Түсіпбаева мен Талант Арынғали келіп, әннен шашу шашты.

Іс-шараға облыстан келген жанкүйерлер, ЖОО мен колледж студенттері, кітапханашылар, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

1орын   1орын1   1орын2
3орын   3орын1   3орын3

 

Кітап шоу - 2024