+7 (727) 267-28-83

380661082 684109603751126 3509106793328774792 n

20 қыркүйекте Азербайжан Республикасы Ұлттық кітапханасының 100 жылдық мерейтойы аясында "Ұлттық кітапханалар - халықтардың рухани байлығының сақтаушысы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы өтті.

Шарада Әзербайжан Респубикасының Мәдениет министрі Каримли Адиль, Әзербайжан Респубикасы Ұлттық мәжілісі Мәдениет комитетінің төрағасы, профессор Ганира Пашаева, Ресей мемлекеттік кітапханасының директоры Вадим Дуда және тағы да басқалар құттықтау сөз сөйледі.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Әзербайжан Ұлттық кітапханасын 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, кітапхана директоры Керим Тахиров мырзаны Ұлттық кітапхананың «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапаттады.

Шара аясында Әзербайжан Ұлттық кітапханасы Пәкістан, Италия, Литва, Ресей Ұлттық кітапханаларымен және Охридтік Қасиетті Клименттің (Скопье, Солтүстік Македония) ұлттық және университеттік кітапханаларымен өзара Ынтыматастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, Әзербайжан Ұлттық кітапханасының тарихынан сыр шертетін "Халық қызметіндегі 100 жыл", "Ұлттық кітапхананың алтын қорынан" атты көрмелер ұйымдастырылып, "Әлем кітапханаларындағы Әзербайжан қолжазбалары" атты электронды мәліметтер базасының таныстырылымы өтті.

380643371 684109683751118 4098600875506741111 n   бакуме   бакумедаль

 

Кітап шоу - 2024