+7 (727) 267-28-83

дуда121 қыркүйекте М.Ф. Ахундов атындағы Әзербайжан Ұлттық кітапханасында өткен Еуразия кітапханалық ассамблеясының (ЕКА) кезекті XXVII жиынына Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қатысып, сөз сөйледі.

Шараға Еуразия кітапханалық ассамблеясының Президенті В.Дуда, вице-президенті У.Тешабаева, Ресей мемлекеттік және ұлттық кітапханаларының, Беларусь, Удмуртия ұлттық кітапханаларының басшылары, т.б. қатысты.

Жиында Орталық Азия елдерінің шекаралас аймақтарындағы кітапханалардың өзара әрекеттестігі, ЕКА-на мүше кітапханалардың 2023 жылдың 2-жартысына жоспарланған кәсіби іс-шаралары, 2024 жылы ұлы орыс ақын А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына және 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар талқыланды.

Сонымен қатар, ЕКА құрамына жаңа мүшелер қабылданып, жиынға қатысушылар 2023-2027 жылдар кезеңіне Ассамблеяның бас директоры лауазымына Ирина Гайшунды сайлап, осы лауазымда көп жылдар қызмет атқарған  Нерюева Мария Владимировнаға атқарған қызметі үшін алғыс білдірді.

дуда2   дуда3   дуда4
дуда5   дуда6   дуда7

 

Кітап шоу - 2024