29 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында кино грим маманы, постиж шебері, ҚР мәдениет саласының үздігі Абылқайырова Жазира Амангелдіқызының «ГРИМ» атты альбом кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.
⠀
Тұсаукесер рәсімінде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Дулыға Ақмолда; «ҚР еңбек сіңірген қайраткері», М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Жалғас Толғанбай; «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», театр және кино актеры Бақытжан Әлпейісов; Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжінің «Актер өнері» бөлімінің төрағасы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Утебаева Майса Омарбекқызы; «Дос-Мұқасан» фильмнің режиссері және Жазира Абылқайырованың шәкірті Айдын Сахаман және т.б. сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
⠀
Сондай-ақ, «Грим» кітабының авторы, Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжінің оқытушысы, «ТҰРАН» университеті «Кино өнері» кафедрасының аға оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі», кино грим маманы, постиж шебері Жазира Абылқайырова шеберлік сағатын өткізді.
⠀
Шараға кітапхана оқырмандары, студенттер, зиялы қауыммен БАҚ өкілдері қатысты.