+7 (727) 267-28-83

алматы

15 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қала күнінің аясында «Мәдениет, өнер, қолөнер» жәрмеңкесі және «Алматы-менің шығармашылық бесігім» әдеби-музыкалық кеші өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы құттықтау сөзімен ашты.

Қала күніне орай Алматы қаласының танымал баспалары мен кітап дүкендерінің қатысуымен кітап жәрмеңкесі, «Qazaq-Oner» қолөнершілер орталығының бұйымдар жәрмеңкесі, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің «Алматы айшықтары» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Зергер Алтынсара Бахи эксклюзивті ұлттық әшекейлерді ұсынды, Алматы қаласының жас эксперименталды театры «Libery Theatre» музыкалық-импровизациялық шоу көрсетті, ал оңтүстік астананың кішкентай тұрғындары мен қонақтары үшін «By ArT» көркем студиясы «Қаланың жарқын түстері» пленэрін өткізді.

«Алматы-менің шығармашылық бесігім» әдеби-музыкалық кешінде «Творческая богема Азии» қоғамдастығы мәдени бағдарламасын ұсынды, онда «Овощи&Фрукты» тобы, «Айналайын – Асыл Әже» халық би ансамблі өнер көрсетті, қазақстандық жас ақындардың авторлық өлеңдері оқылды.

Мерекеге ақындар, жазушылар, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқушылары, оқырмандар, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.

алматы1   алматы2   алматы3   алматы6
алматы4   алматы5   алматы7   алматы8
алматы9   алматы10   алматы11   алматы12
алматы16   алматы15   алматы14   алматы13

 

Кітап шоу - 2024