+7 (727) 267-28-83

каталогизатор

11-15 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының мамандары іс-тәжірибелік оқудан өтті.

Тыңдаушылар халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, каталогтаудың негізгі қағидаларымен, сонымен қатар Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдістемелік қызметімен, кітапхана қорларын толықтыру және цифрлауды ұйымдастыру, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету және т.б. танысты.

Оқу-үйрету курсы отандық бағдарлама Web-RABIS кітапханалық-ақпараттық жүйесінің 5 модулі бойынша жүргізіліп, тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Мамандарға ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне (ОКЖ) таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

ҚР Ұлттық кітапханасы біліктілікті арттыру мақсатында еліміздің каталогтаумен айналысатын кітапханашы мамандарын Каталогизатор және Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектептеріне оқуға шақырады.

каталог1   каталог2   каталог3   каталог4   каталог5   каталог6
каталог7   каталог8   каталог9   каталог10   каталог11   каталог12

 

Кітап шоу - 2024