+7 (727) 267-28-83

378195389 680473317448088 2157979032045051737 n

14 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, мемлекеттік «Дарын» және Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Бауыржан Жақыптың 60 жасқа толуына орай «Бауыржан Жақып» библиографиялық көрсеткішінің және «Ақ лақ», «Жүректен қозғайын», «Білте шамның жарығы», «Жан даусы» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы, «Құрмет» орденінің иегері Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, Бауыржан Жақыпқа Ұлттық кітапхананың «Мәртебелі оқырман» куәлігін табыстады.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық кітапханасының Ұлттық библиография қызметінің кітапханашысы Нұрымбаева Жадыра Сәйдәлімқызы «Бауыржан Жақып» библиографиялық көрсеткішінің таныстырылымын жасады.

Библиографиялық көрсеткішті құрастыруда ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қоры, «Қазақстан: өткені мен бүгіні», «Авторефераттар», «Диссертациялар» дерекқорлары және анықтамалық-библиографиялық аппараты, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының басылымдары: баспасөз шежіресі, кітап шежіресі, мақалалар мен рецензиялар шежіресі, газет, журнал мақалаларының шежіресі қолданылды.

Көрсеткіштегі материалдар 1980 жылдан 2023 жылдың маусым айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ және орыс тілдердегі кітаптарды, жинақтар мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған еңбектер мен мақалаларды қамтиды.

378237549 680473400781413 943086941450755886 n   378346540 680473420781411 7596446354558590985 n   378350308 680473314114755 2856982411533772512 n

 

Кітап шоу - 2024