+7 (727) 267-28-83

мир8 қыркүйекте Әдебиет академиясы залында Ресей кітап бұрышының жұмыс форматында «Поэтикалық дуэльдер» жобасының екінші кезеңі өтті.

Аталмыш шара орыс ақыны және прозашы Эдуард Асадов пен дағыстандық ақын, прозашы және публицист Расул Гамзатовтың 100 жылдығына арналды. Іс-шара Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығымен және Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілдігімен бірлесіп өткізілді.

​Поэтикалық дуэльдерді өткізу үш кезеңге жоспарланып  белгілі жазушылардың мерейтойларына арналды. Бірінші кезең 30 шілдеде Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы өкілдігінің алаңында өтті және ресейлік ақын, драматург және киносценарист Владимир Маяковскийдің 130 жылдығына және ресейлік прозашы, режиссер және сценарист Евгений Евтушенконың 90 жылдығына орайластырылды. Байқауға 8-65 жас аралығындағы 20 адам қатысты. Жеребе тастағаннан кейін оқырмандар мерейтойлық ақындардың өлеңдерін жұптық негізде оқыды, ал қазылар алқасы орындалуын бағалады.

Екінші кезең ҚР Ұлттық кітапханасында өтті. Қазылар алқасының мүшелері: Татьяна Барышникова, РФ Бас консулдығының консулы, Алматы қаласындағы Орыс үйінің өкілі; Макарова Мария, «Махаббат құқығы» балалар қайырымдылық қорының президенті, Қазақстандағы SectorX бірінші әлеуметтік радиосындағы балалар бағдарламаларының продюсері; Арнаутова Ирина, режиссер, педагог, актриса, Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық театрдың хореографы. Екінші кезеңді өткізіп, рейтингтік кесте жасағаннан кейін ең көп ұпай жинаған оқырмандар соңғы кезеңге таңдалды.

Байқауға ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің жас маманы Лукпанова Аяулым қатысып, Расул Гамзатовтың «Ана тілі» өлеңін қазақ тілінде оқыды. Байқауға барлығы 19 адам қатысты.

ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан ұйымдастырылған орыс ақыны және прозашы Эдуард Асадовтың 100 жылдығына және дағыстандық ақын, прозашы және публицист Расул Гамзатовтың 100 жылдығына арналған кітап көрмесіне Әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Аширова Фарида библиографиялық шолу жасап, таныстырды.

мир1   мир2   мир3
мир4   мир5   мир6

 

Кітап шоу - 2024