+7 (727) 267-28-83

ққ

7 қыркүйекте  ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті композитор Қалдыбек Құрманәлінің тұңғыш рет жарыққа шыққан фотоальбом кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахметов жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Қуантайұлы; белгілі ғалым, ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов; «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, техника ғылымдарының кандидаты  Амалбек Тшанов; жазушы Зейнеп Ахметова; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова; филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлі және тағы басқалар.

Аталмыш кітапқа композитордың авторлық әндері нотаға түсіріліп берілген. Сонымен қатар, белгілі тұлғалардың, қаламгерлер мен ақындардың Қалдыбек Құрманәлінің өмірі мен шығармашылығы жайындағы ой-пікірлері, мақалалары және композиторға арналған өлең жолдары енген.

Кеш барысында, Қалдыбек Құрманәлі өзінің кейбір әндерінің бұрын-соңды еш жерде айтылмаған шығу тарихына да кеңінен тоқталды.

Шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Қалдыбек Құрманәлінің өмірі мен шығармашылығана арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, белгілі әнші Шаба Әденқұлқызы композитордың «Алматым әнім, тағдырым» атты әнін орындады.

Шараға қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары, ақын, жазушылар, кітапхана қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

ққ1   ққ2   ққ3
ққ4   ққ5   ққ6

 

Кітап шоу - 2024