+7 (727) 267-28-83

рг

Әлем әдебиеті залында Дағыстанның белгілі ақыны, прозаик, публицист, аудармашы Расул Ғамзатовтың туғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Расул Ғамзатов 1923 жылы Дағыстанда, таудағы шағын Цада ауылында дүниеге келген. Әкесі ақын және аудармашы Гамзат Цадаса шаруалардан шыққан, ол өлеңдер мен дастандар жазған, Александр Пушкиннің ертегілерін  және ақынның басқа да шығармаларын авар тіліне аударған. Расул Ғамзатов отбасындағы үшінші ұл болды. Өлең жазуды бала кезінен бастаған, поэзиядағы алғашқы тәлімгері – әкесі.

1939 жылы Расул Гамзатов Авар педагогикалық училищесін бітіріп, туған мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді, бірақ ол жерде ұзақ уақыт болмады: бір жылдан кейін ол Авар театрына оқуға түсті.

Соғыс жылдарында Расул Ғамзатов «Большевик гор» газетінде жарияланды. Ол жауынгерлердің ерліктері туралы өлеңдер жазды, эсселер мен жазбалар дайындады, Дағыстаннан шыққан соғыс батырлары туралы әңгімеледі. 1942 жылдан радиода да жұмыс істеді, бағдарлама редакторы болды. Ол өзінің алғашқы өлеңдеріне Цадаса тегімен жариялап жүрді, бірақ кейін әкесі Ғамзат Цадасаның атынан Гамзатов деген бүркеншік есімді алды. 1945-1950 жылдары Мәскеуде М.Горький  атындағы Әдебиет институтында оқыды.

Расул Ғамзатовтың тұңғыш өлеңдер жинағы 1943 жылы жарық көрді. Кітап автордың ана тілінде, Кавказ халықтарының бірі аварлардың ұлттық тілі авар тілінде жарық көрді. «Отты махаббат пен отты өшпенділік» жинағына соғыс туралы өлеңдер енген. Расул Ғамзатов орыс классиктерінің мәтіндерін авар тіліне де аударған. Расул Ғамзатовтың шығармасы миллиондаған тиражбен басылып, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Ақынның шығармашылығы кеңестік актер әрі әнші Марк Бернестің орындауында «Тырналар» әніне негіз болды. Композиция Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу символына айналды.

Соғыстан кейінгі кезеңде Расул Ғамзатов «Новый мир» және «Дружба народов» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі болды. «Литературная газетамен» бірлесіп жұмыс істеген. 1951 жылы Дағыстан жазушылар ұйымының басшысы болып, қайтыс болғанша осы қызметте болды.

Расул Ғамзатов Дағыстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Сталин атындағы III дәрежелі, Лениндік және М.Горький атындағы РСФСР сыйлықтарының лауреаты болды.  Расул Ғамзатов 2003 жылы 3 қарашада қайтыс болды.

Р.Ғамзатовтың құрметіне Дағыстанның қалаларындағы оқу орындары, кітапханалар, бірқатар көшелер аталды, Махачкалада ақынды еске алуға арналған Мемлекеттік әдеби мұражай ашылды.Расул Ғамзатовтың шығармалрының желісі негізінде  деректі және телефильмдер түсіріліп, қазір жиі көрсетілуде.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорындағы кітап көрмесіне Расул Ғамзатовтың кітаптары мен ол туралы дүниежүзі халықтарының әртүрлі тілдеріндегі әдебиеттер қойылды.

               

Баршаңызды кітап көрмесіне шақырамыз! 

Кітап шоу - 2024