+7 (727) 267-28-83

консер1

22 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына М.И.Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру орталығының ғылыми қызметкері Андреева София Игоревна арнайы келді.

М.И.Рудомино атындағы  Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасының құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру орталығы Шығыс Еуропадағы ИФЛА/ПАК ресейлік аймақтық орталығы болып табылады. ҚР Ұлттық кітапханасы жанынан құрылған Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК  аймақтық орталығы Ресей орталығымен белсенді ынтымақтастықта. Құжаттамалық жазба мұраны сақтау саласындағы білім беру және технологияларды тарату мақсатында онлайн режимде бірлескен семинарлар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің басшысы А.М.Шоманова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының оқу залдарына экскурсия жүргізіп, ресейлік әріптесін Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жұмысымен таныстырды. Қызмет мамандары сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру үдерістерінің ерекшеліктерін көрсетіп өтті.

консер   консер2

 

Кітап шоу - 2024