+7 (727) 267-28-83

18.082023 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында филология ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, ғалым Бұлдыбай Анарбай Сағиұлының «Қабан (Қабылиса) жырау» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл кітап – ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Жетісу өлкесінде өмір сүрген жырау Қабылиса Асанұлының шығармашылығын талдауға арналған алғашқы толыққанды монографиялық еңбек. Сондай-ақ, кітап жыраудың текстологиялық талдаудан өткен өз шығармаларынан және жырауға арналған өлең-жырлардан тұрады.

Шараны ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы жүргізді.

Шарада сөз сөйлеген қонақтар: әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі – Жаңғара Дәдебаев; ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Өтеген Оралбаев; Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, академик, профессор Бауыржан Жақып; сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақ; филология ғылымдарының докторы Шәмшідин Керім; педагогика ғылымдарының докторы, академик Тұрсынбек Баймолдаев; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Жамбылтану» орталығының басшысы, профессор Алмасбек Мәуленов және т.б.

Шара аясында жыршы, термеші Әбіш Әділбеков Қабан жыраудың «Арғымақ жабы көрінен» толғауын орындаса, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі, термеші Нұршат Ақбаева Сыр өңірінің термесін шырқап, жырдан шашу шашты.

Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар мен зерттеушілер, профессорлар, оқытушылар мен студенттер, кітапхана қызметкерлері, оқырмандар және БАҚ өкілдері.

18.08 0518.08 0318.08 0218.08 01

Кітап шоу - 2024