+7 (727) 267-28-83

photo 5393622378904408093 y

2023 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  Н. Дәулетова атындағы залында қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, мәдениет және қоғам қайраткері,  журналист Марфуға Бектемірованың «Ғажайып ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.

Шараның модератор – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Балбұлақ» журналының бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы Қожахметова Маағира Дәулетбайқызы.

Шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты.

Сөз сөйлеген қонақтар: Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Баян Бекетова, белгілі ақын, журналист Қорғанбек Аманжолов, ақын Мұратқан Шоқан, журналист Жексен Алпартегі және т.б.

Шара соңында ақынның жолдасы, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген журналисті Есенгелді Сүйінов сөз сөйлеп, Ұлттық кітапхана қорына ақынның кітаптарын сыйға тартты.

Шара аясында жас ақындар өлең жолдарын оқып, Мәдениет саласының үздігі, әнші Арыстанова Жадыра ақынның сөзіне жазылған «Ер Көкше» әнін шырқады. Соынмен қатар, Ұлттық кітапхана қорынан  ақын Марфуға Бектемірованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғажайып ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, белсенді жастар, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары және т.б.

photo 5393622378904408095 yphoto 5393622378904408090 yphoto 5393622378904408084 y

 

Кітап шоу - 2024