+7 (727) 267-28-83

9ав9 тамызда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында қаламгер Баян Болатханованың құрастыруымен жарық көрген «Махаббат жырлары» атты жыр жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Шараны ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Үсенбаев жүргізіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» «әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы Сәуле Досжан құттықтау сөз сөйледі.

Бұл кітап турасында жазушы, баспагер, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Баян Болатханова «Біздің мақсат: салқар даламыздай кең құлашты поэзия кеңістігінде туған ана тіліміздің мәртебесі биік екендігіне көз жеткіздіру», - деп пікір білдіріп, жинаққа енген барша ақындарға алғысын білдірді.

Шарада аталмыш жинаққа өлеңдері енген белгілі ақындар Жәния Ералиева, Айсұлу Рүстемова, Айжан Имантаева, Бақытгүл Мадиярова, Мағираш Тұрсынова, Әуелбек Искаков, Ерсайын Жапақов, Самал Зікірияқызы, Ернар Тастанұлы, Фархат Асылбаев, Алуа Асқар сөз сөйлеп, өлеңдерін оқыды.

Шара барысында жинаққа енген қос суретші әрі ақын ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әуелбек Искаков пен әуесқой суретші, өнертанушы, сазгер Ерсайын Жапақтың сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: әдебиет зерттеушілері, қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, белсенді жастар, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары.

366228941 661062559389164 6418059770605769190 n   366246215 661062452722508 3467026840094623105 n   366282772 661062699389150 5319431458742456806 n

 

Кітап шоу - 2024