+7 (727) 267-28-83

355647919 634470502048370 4793369977613821051 n

23 маусым ҚР Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметінде өткен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ТҮРКСОЙ кафедрасының, «Шығыстану» факультетінің 3-курс студенттері үздіксіз кәсіби өндірістік тәжірибе туралы есебін берді.

Іс-шараға университеттен өндірістік тәжірибенің жетекшісі, эдвайзер М.Н.М. Шуиншина, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова, директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупова, Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т.Туякова, топ жетекшісі Т.А. Замзаева, Ғылыми-әдістемелік қызметітің жетекшісі Г.А. Маханбетова, кітапханашы Р.К.Мысбаева қатысты.

Студенттер Ж.Н. Алиасқар, Л.Р. Борашева, А.Қ. Еркенова, Б.А. Мәдениетова, А.Қажымұқанқызы есепті жиналыста қызықты шолу жасап, істеген жұмыстардың мазмұнын ашып, түрік әдебиетінің көркем және аударма саласы бойынша басылымдармен танысып, қазіргі түрік көркем еңбектерінен үзінділерін өз аудармаларын қорғаған.

Өндірістік тәжірибе аясында Ұлттық кітапханамен тарихы мен жұмысымен танысып, оқырмандарға қызмет көрсету, кітап қоры туралы қысқаша өз ойларымен бөлісті. Студенттер мен мұғалімдер өз тарапынан кітапхана ісінің дамуына және қазіргі жаңа кітап қорын толықтыру туралы ұсыныстарын алға қойды. Ұлттық кітапхананың директоры Б.Қ. Оспанова іс-шараны қорытындылай отырып, студенттердің білім жолына сәттілік тіледі.

Іс-шараның соңында М.Н.М. Шуиншина әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Шығыстану» факультеті «ТЮРКСОЙ» кафедраның атынан ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілік пен жетекшілері Б.Қ. Оспанова, А.Х.Юсупова, С.Т.Тұяқова және Маханбетоваға алғыс хатын табыстады.

Кітап шоу - 2024