+7 (727) 267-28-83

354176905 629855812509839 7397758394564248656 n

«Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» кәсіби-сараптамалық журналының кезекті саны жарыққа шықты.

Журнал ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінен бастау алып, дамудың басты кілті – білім екеніне назар аудартады.

Республикамыздың Ұлттық кітапханасы төрінде атап өтілген «Наурыз-Думан» мерекесі жайлы ақпарат еңселі еліміздің ертеңге аманат етіп, ұрпақ ерекше ардақ тұтар салт-дәстүрлерін паш етеді.

Қалыптасқан тәжірибе бойынша авторлардың мақалалары оқырманға  толғаған тақырыптары мен көтерген мәселелеріне байланысты бірнеше айдарларға топтала отырып ұсынылды.

«Кітапханалар жаңа уақыт үрдісінде» айдарынан: қайта ашылған Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының директоры Е.Е.Нұрмағанбетовтың «Жарты ғасыр оқырманмен жүздескен»;  М.Жұмабаев атындағы ОӘҒК шет тілдері әдебиеті бөлімінің жетекшісі Н.Б.Пугачеваның «Лингвистическая школа мастерства»; жеке шаңырақ көтерген Жетісу облысы С. Сейфуллин атындағы Орталық кітапхана  директорының м.а. С.Қ. Шаяхметованың «Ұлттың рухани азығы»; «Текелі қаласы әкімдігінің Қалалық кітапханасы» КММ кітапханашылары Е.В.Житникова мен И.А.Вандакурованың «Патриот и патриотизм – это два неразрывных понятия»; Жамбыл облысы Сарысу аудандық ОКЖ директоры А.А.Жолмаханованың «Шырағы жарық шаңырақ»; А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы облыс кітапханаларын дамыту орталығының жетекшісі Р.С.Мязованың «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мақалаларын оқып, таныса аласыздар.

Ал, «Тағылымға толы ғасыр» айдарымен ұсынылып отырған А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ардагері, мәдениет қайраткері  Б.Ж.Шагиеваның «Медиаграмотность как важная компетенция современного библиотекаря» мақаласы тың тақырыпты біліктілікпен саралайды.

«Өлкетану сабақтары» айдарында С.Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК бөлім жетекшісі М.А.Таженованың «Сказка о древнем Павлодаре» атты мақаласы қазыналы өңірдің тыныс-тіршілігінен жан-жақты сыр шертеді.

Ағылшын тіліндегі «Тhe epoch of informational nomadism» мақаласы «Тарих жалғасады» айдарының жүгін көтеріп тұр.

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбектің «Қазақ детективінің атасы»; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.С.Асанованың «Кітапханалық және ақпараттық білім: мәселелері мен келешегі»; ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиеваның «Парасат жолы» – Центр взаимодействия» о государственной политике против коррупции»; ҚР Ұлттық  кітапханасы Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі, кітапхана ісінің ардагері Қ.М.Изамбекованың «Тұлға және ортақ мәдениет мерейі»; М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы өнер әдебиеттері бөлімінің жетекшісі Б.А.Ерманованың «Өлеңді сүйген жаны – Бибісараның әні-ай!»; Ұлытау облысы Сәтпаев қ. «Б.Бұлқышев атындағы ОКЖ» КММ директорының орынбасары А.Н.Койшибаеваның «Приумнажая просветительскую миссию - из истории ЦБС города Сатпаев Улытауской области»; «Жамбыл облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы» КММ директоры Ж.Т.Алшинбаеваның «Инклюзивное обслуживание в библиотеках - самыми популярными стали тифлокулинария, -музей,-кино» мақалалары журналымыздың «Заманауи кітапхана. Инновациялар» тақырыбын әр қырынан тартымды көрсетеді.

Сіздерден, құрметті әріптестер, өзіміздің төл кәсіби журналымыздың мәртебесін көтеріп, кітапхана саласының қызметіне тың серпін беретін озық тәжірибелер мен жаңа бастамалар жайындағы мазмұнды мақалалар күтеміз.

Кітап шоу - 2024