9 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Біріккен Араб Әмірліктерінің делегациясы құрамында: Шаржадағы араб тілі академиясының бас хатшысы - доктор Мұхаммед Сафи әл-Мостағанеми; Халықаралық мәдени дипломатиялық институтының төрағасы- доктор Мұхаммед Камил әл-Муайни; Халықаралық мәдени дипломатия институты Директорлар кеңесінің мүшесі - Мұхаммед Исмаил Карам келді.
Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасы директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова Ұлттық кітапхананың қызметі туралы айтып берді. Қонақтар үшін шет елдердің кітапханасы мен мәдениет және әдебиет орталықтары бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді.